"1-наурыз - халықаралық алғыс айту" күні
Баймырза Бесбаев атындағы орта мектебінің директоры Сыздыкова Гулнар Курманаливна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Турумова Майра Джамашовнаның бастамасымен 3-5, 10 - сынып оқушылары "№1 қалалық қарттар үйіне" барып қайырымдылық концертін қойып қайтты. Оқушылардың жалпылама өнерлерін, мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Бердібек Бибінұр Бердібекқызы дайындады. "№1 қалалық қарттар үйінің" басшысы мен қызметкерлері жылы шыраймен қарсы алды, концерттік бағдарламамыз 1-сағат көлемінде өткізілді. Онда:
1)10 - сынып оқушысы Жүніс Асылай - "Ата-анама арнау" , "Туған ел" , "Помоги мне" , "Қазақстан", "Алия", "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек" және т.б. әндерді орындады.
2)3 - сынып оқушылары (қыздары) - "Қазақ биін" , "Үнді биін" , "Колокольчик" билерін биледі.
3)5 - сынып оқушысы Қожабек Дәулет - "Қызыл гүлім" , "Туған жер" әндерін орындады.
4)5 - сынып оқушысы Үсіпалиев Жанболат - "Қазақпыз бәріміз" , "Тфай-тфай" әндерін орындады.
5)4 - сынып оқушысы Фалалеева Даша - "Песенка для мама" және "Песня про Маматенка" әндерін орындаса;
6)мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Бердібек Бибінұр Бедібекқызы - "Ана жүрегі" , "Бүлдірген", "Жан әке", "Перзент парызы", "Асыл әжем" әндерін орындады.
Осы орындалған әндер ішінде көптеген әндерді қарттарымыз сүйсіне тыңдады, араларында орындалып жатқан әндерге орындарынан тұрып билеп, қол соғып, көңіл көтеріп отырды.
Концеттік бағдарлама соңында "№1 қалалық қарттар үйінің" еңбек сіңірген қызметкері (қазіргі таңда зейнетте) Турумова Мінәй Тайжанқызына сөз кезегі берілді. Ол кісі мектебімізге алғы сөздерін айтып, жанды дауыста 2-ән орындап берді. Мектебіміздің директоры Сыздыкова Гулнар Курманалиевна "1-наурыз - халықаралық алғыс айту күніне" байланысты қарттарымызға жылы лебіздерін білдіріп, мектебіміздің атынан табиғат бейнесі бейнеленген сурет (картина) ұсынып, оқушыларымыз қаттардың әрқайсысына тәтті салынған кішкене сыйлықтарын тарту етіп кеуде тұсына гүл тақты. Қарттар әрдайым күліп жүрсін деген ниетпен мектебіміздің музыка пәні мұғалімі Бердібек Бибінұр мен мектебіміздің оқушысы Жүніс Асылай бірігіп концерттік бағдарлама соңын "Мұңайма" әнімен аяқтады. Аталған мерекелік концерттен қартар да оқушылар да жақсы әсер алып, көңіл-күйлері көтеріліп қалды.