Мектеп ұжымы
Баймырза Бесбаев мектеп-гимназиясы ұжымы
Ақбұлым ауылындағы Баймырза Бесбаев орта мектебі 1910 жылы ауыл мешіті жанындағы медресе болып ашылды.
1918 жылы бастауыш мектеп болып ауысты.
1945 жылдан бастап Ильич атындағы 7жылдық мектебі ашылды.
1957жылдан бастап 8жылдық мектеп болып ауысты.
1987жылы Октябрь революциясының 70 жылдығы қарсаңында мектепке 624 орындық жаңа ғимарат салынып, типтік мектеп қолданысқа берілді.
1993 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту ордені иегері, Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан мектебіне еңбегі сіңген мұғалім Баймырза Бесбаевтың атауы берілді.
2018 жылдың 14 қыркүйегінен бастап Баймырза Бесбаев орта мектебіне мектеп-гимназия статусы берілді. Қазіргі таңда мектепте 863оқушы білім алуда. 91 мұғалім, оның ішінде жоғары санатты20 , Ісанатты 23, ІІ санатты 24, санаты жоқ 24 мұғалім.