Баймырза Бесбаев атындағы орта мектебі » "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
май
2017

Баймырза Бесбаев атындағы орта мектебі

Баймырза Бесбаев туралы мәлімет


Баймырза Бесбаев 1898 жылы Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында дүниеге келген. Өткен ғасырдың басында болған ашаршылықтан әке шешесі, бауырлары қайтыс болып, жалғыз өзі жетім қалды. Жастайынан оқуға, еңбекке зерек болып өскен Баймырза өз бетінше арабша сауатын ашады. Совет үкіметі орнаған соң, Шымкент қаласындағы 6 айлық мұғалімдер курсын оқиды. 1920 жылдың қыркүйектің бірінен бастап ұстаздық қызметі басталды.
1920-1927 жылдар аралығында осы күнгі Жамбыл ауданындағы Аса, Пионер ауылдары қарайтын бұрынғы «Қарабақыр» болысына еңбек етеді. 1928 жылдан бастап, қазіргі Ақбұлым ауылындағы бастауыш мұғалім, кейін мектеп директоры қызметін атқарады.
Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында Отанымызды неміс фашистерінен қорғауға аттанып, төртінші шілдеде 1942 жылы армия қатарына алынды.
Ақмола қаласында 3 ай дайындықта болып, ескі Аулие ата уезіндегі алғашқы мұғалімдердің бірі, Баймырза, қыркүйек-қазан айларында Воронеж қаласына жұмысқа кіреді.
115- гвардиялық миномет полкінің құрамында 3- батарея наводчигі болып гвардия сержанты Баймырза соғысқа қатысты. Неміс басқыншыларынан Воронеж лодзь қалаларын қорғады. Берлинге штурм жасауға қатысты.
Өзінің естелігінде Баймырза Бесбаев: «1942 жылдың 4-ші шілдесінде Жамбыл ауданы Ақбұлым 21 адам соғысқа Ұлы Отан соғысына аттандық. Біздер Ақмола қаласында 3 ай әскери дайындықтан өтіп ,120 мм минометті иемдендік. Ақбұлым ауылынан мен, Даулетбаев Жолдасбек және т.б. бар, сонымен бірге Жасөркен ауылынан Жүнісбеков Тұрғынбек, Ешенқұлов Сейталы, Қызыл жұлдыз ауылынан Көпжасаров Айтқұл, Амангелді ауылынан Өскеменов Шералы алтаумыз 115 –гвардия полкінің, 3-батареясында болық. Бұл орталық фронт Воронеж қаласының түбінде, Дон өзенінің жағасында орналасты. Бұл-1 қыркүйек 1942 жылы еді. Мен Баймырза, Ешенқұлов Сейдалы екеуміз екі минометка наводчик болып қойған, жолдастарымыз біздің расчетымызға бөлініп берілді. Взвод командирі лейтенант Ермаков Алексей Василевич, ал рота командирі Олейнечев Ефим Семенович еді. 1943 жылғы 14 қаңтар күні Дон өзенінен өтуге бұйрық берілді. 14 қаңтар күні Дон өзенінен жаудың шебін бұзып өтіп жау бекіністерін тартып алдық. Жау көп шығынға ұшырап, шегінуге мәжбүр болды. Сөйтіп, жау қолынан Хохлов деревнясын, кейінірек Курск қаласын, жауды өкшелей қуып отырып, Орел, Еремин, Гомель қалаларын жаудан азат еттік. Осы шабуылдар кезінде бірнеше жауынгер достарымыздан айырылдық. Біздің полкке басқолбасшы Г.К. Жуков келіп, «115 – Гвардияшы Новозыбковск миномет полкі деген атақ беріліп кетті.
Шабуыл нәтижесінде Днепр өзенінен өтіп Белорусия жерін тегіс азат еттік. Одер өзенінен өтіп, Польшаның астанасы Варшаваны, Познань, Ледзь қалаларын үлкен шайқаспен азат еттік. Тұтас Польша жерін жаудан тегіс азат етіп, неміс жеріне аяқ бастық. Франкфурт қаласын алып, мамырдың 2- де Берлинді алдық. Бұл соғыста қарулас жолдастарымыз Көпжасаров Айтқұл, С.К.Форолов, М.И.Дайнеко, В.Л. Швагер Отан үшін осы соғыста қаза болды», -деп жазады.
Баймырза Бесбаев соғыстағы ерлігі үшін Қызыл жұлдыз Отан соғысы ордендерімен марапатталды. Жауды жеңіп, Воронежден Берлинге дейінгі соғыс жолын жүріп өтті. Байимырза Бесбаев 1945 жылы тамыз айында елге оралды. Өзі еңбек еткен Ильич 7 жылдық мектебінде мұғалімдік, содан кейін директорлық қызмет атақарады. Баймырза Бесбаевтың ерен еңбегін үкімет жоғары бағалап Ленин ордені, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. Халық ағарту ісінің үздігі Қазақстан мектебіне еңбегі сіңген мұғалім деген құрметті атақ берді.
1961 жылы құрметті зейнетке шықты. 1990 жылы 93 жасына қараған шағында қайтыс болды. Баймырза Бесбаев бүкіл саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған педагог. Тәлім беру, оқу әдістерін жетілдіру жөнінде бірнеше ғылыми еңбектердің авторлары, мол тәжірибесі мен білімін жанындағыларға үйретуден жалықпаған, халық құрметіне бөленген ұстаздардың ұстазы елінің ардақты ұстазы, елінің ардақты азаматы.
1993 жылдан бастап Ильич орта мектебі «Баймырза Бесбаев атындағы орта мектеп» болып аталады.

Похожие публикации:

17 октябрь 2017 Мектеп директоры