Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабына оқушылар арасындағы оқырман конференция » "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабына оқушылар арасындағы оқырман конференция
04
декабрь
2017

Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабына оқушылар арасындағы оқырман конференция

Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабына оқушылар арасындағы оқырман конференция

 

Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабына оқушылар арасындағы оқырман конференция

 

Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабына оқушылар арасындағы оқырман конференция

 

Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабына оқушылар арасындағы оқырман конференция

 


Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабына оқушылар арасындағы оқырман конференциясының

БАҒДАРЛАМАСЫ

Конференцияның мақсаты:

Жас жеткіншектерді Елбасының кітаптарын оқып үйренуге, ой түюге, оқудан алған пікірлерін ортаға салып, ізденуге негізделген.

Елбасы еңбектерінің мазмұндық идеясын көрсету арқылы кітаптың әрбір қазақстандық үшін құндылығын арттыра түсуді мақсат етеді.

II. Конференцияның талабы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Ұлы дала ұлағаттары» кітабын оқып ,

өз ойын жеткізе алу,сөзді дұрыс саптай білуі және сахналық мәдениеті ескеріледі.

III. Конференция тақырыптары:

1. Ел мен Ер және Жер

2. Тәуелсіздіктің тал бесігі

3. Саясат салтанаты

4. Туған тілдің тұғыры

5. Дін мен дәстүр

6. Қиырдан келсе қандастар

7. Отбасы –Отан тірегі

8. Жаңғырып келер жас толқын

9. Еңсесі биік Елорда

10. «Ұлы дала ұлағаттары» - әр қазақстандық үшін аса құнды олжа».

11. Елбасының Ұлы дала ұлағаттары кітабындағы ой-түйіндер.Әдеби монтаж

12. Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары » кітабы бойынша тұлғалар пікірі

13. « Қазақстан - Ұлы дала елі » видеоролик.

14. Қорытынды.

IV. Конференцияның өтілу мерзімі: 24.11.2017 ж

V. Марапаттау: Баймырза Бесбаев атындағы орта мектебінің

Алғыс хатымен марапатталады

VI.Ескерту : Баяндамаға берілетін уақыт 3 минут

 

1. Конференцияның ашылуы. Мектеп кітапханасының меңгерушісі Қосаева Л.Ж.

2. «Ұлы дала елі» атты кітап көрмесіне шолу, кітапханашы Әлібек Ақбота

Конференция мақсаты: Жас жеткіншектерді Елбасының кітаптарын оқып үйренуге, ой түюге, оқудан алған пікірлерін ортаға салып, ізденуге негізделген.

Елбасы еңбектерінің мазмұндық идеясын көрсету арқылы кітаптың әрбір қазақстандық үшін құндылығын арттыра түсуді мақсат етеді.

Конференция міндеттері:

1. Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына ықпал ету;

2. Ізденушілік жұмыстарына деген ынталарына қолдау көрсету;

3. Оқушыларға Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары» кітабын өнеге ете отырып, туған елінің болашағына белсенді араласуына міндеттімін деп есептейтін саналы азамат тәрбиелеу; оқушының туған жеріне деген ұлтжандылық сезімін қалыптастыру; танымдық, шығармашылық қасиеттерін дамыту;

Қолданылатын техникалық және көрнекі құралдар:

-Интербелсенді тақта

-Слайдтар

-Көрме

Конференция барысы:

1.Конференцияның ашылуы.

Лаззат: - Құрметті конференцияға қатысушылар, ұстаздар және оқушылар!

Елдің бас газеті«Егемен Қазақстан»Елбасының «Ұлы дала ұлағаттары» аталатын жаңа еңбегін жариялауды бастады.

Басылымның хабарлауынша, Елбасының жаңа еңбегі жинақталып, баспаға ұсынылған. Онда Президент ел мен жер­дің тарихы және тағдыры, әлемнің және қоғамның дамуы, жас буынның алдында тұрған келелі міндеттер, басқа да көпте­ген, соның ішінде жаһандық та мәні бар мә­селелер туралы өзінің пайымдаулары мен ой-толғамдарын күллі адамзаттық құнды­лық­тармен сабақтастыра отырып баяндайды. Ендеше, «Ұлы Дала ұлағаттары» деген атпен айдарланған бұл кітапта осы тұрғыдағы ойларымызды ортаға салмақпыз. Көкейдегі көп ойдың, соның ішіндегі көркем ойдың қалай орналасқанына өздеріңіз әділ қазысыздар.

Айжан: Ендеше, бұл кітапты да «Менің Қазақстаным» деген толғаудың тұғыры деп түсінген абзал. Бәріміз де Ұлы Дала елінің перзенттеріміз. «Менің Қазақстаным» – біздің тәуелсіздігіміз! Тәуелсіздікті күн сайын қорғау керек, нығайту керек, өркендету керек! Тұғырымыз да, ғұмырымыз да Тәуелсіздік! Тәуелсіздік – менің Қазақстаным, сіздің Қазақстаныңыз, бәріміздің Қазақстанымыз! Біз осы елде туып, осы елде еңбек етіп, осы елде ұрпақ өсіріп, осы елде өмір сүріп, өркендеп жатқанымызды мақтан етеміз.

Елбасы «Ұлы дала ұлағаттары» ел мен жердің мәңгілік қастерлі ұғым екенін атап көрсетіп, Тәуелсіздіктің мәнін терең ұғынуға үндейді.

Конференцияға 8-9-10 сынып оқушылары қатысады.

Конференцияны жүргізетін модераторлар- Қосаева Лаззат Жиенбетқызы

Байтллязи Айжан Байтллязина

Конференция баяндамашыларын президиумнан өз орындарын алуларын өтінемін. Конференция жұмысына табыс тілеймін.

2. Конференция барысы.

Жұмыс регламенті: негізгі баяндамашыларға 3-5 минут, қосымша баяндамашыларға -2-3 минут уақыт беріледі.

Баяндамашылардың тақырыптары бойынша сөз алуы.

1. Ел мен Ер және Жер- Қайрат Еркемай -8 Б

2. Тәуелсіздіктің тал бесігі – Турдалиев Ерлан -ұстаз

3. Саясат салтанаты –Тұрғынбек Мерей 8 Б

4. Туған тілдің тұғыры –Қуаныш Мадина 9 Б

5. Дін мен дәстүр – Ибраева Арзу -8 А

6. Қиырдан келсе қандастар – Асылханова Диана -8 А ,Құдайбергенова О

7. Отбасы –Отан тірегі –Нуралиева Балнұр 10 А

8. Жаңғырып келер жас толқын –Серік Әсел 9 Б

9. Еңсесі биік Елорда –Кемал Жеңісай 9 Б

10. «Ұлы дала ұлағаттары» - әр қазақстандық үшін аса құнды олжа».-Жүніс Асылай 10 А

11. Елбасының Ұлы дала ұлағаттары кітабындағы ой-түйіндер.

Әдеби монтаж. 7 сынып оқушылары

12. « Қазақстан - Ұлы дала елі » видеоролик.

13. Қорытынды.Жүніс Асылай «Қазақстан қасиетті мекенім»Ән

3.Конференция жұмысын қорытындылау.

Сөз мектеп директоры Сыздықова Гүльнар Құрманалықызына беріледі.

 

4.Конференцияға белсенді қатысқан оқушыларға алғыс хаттар беру.

Қорытынды:Біздің Қазақстанымыз – Ұлы Дала елі, Мәңгілік Ел. Біз осынау аса қасиетті атауды енді ұлттық бейне-бедеріміз ретінде көкірегіміздегі күндей ыстық, санамыздағы серттей берік ұстаймыз. Ұлы Даланың ұлық тарихын біз жаңаша жазып, жас ұрпақтың санасына сіңіреміз. Бұл – жалпыұлттық, маңызды мемлекеттік міндет. Ал міндет – орындалуымен мәнді. Демек, бұл – Ұлы Дала ұрпағының ұлағатты парызы.

Осы конференцияға белсене қатысқан оқушылармен тарих пәнінің мұғалімі Айжан Байтлязи апкейге үлкен рахмет!