Ауғанның отты жалыны » "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
14
февраль
2018

Ауғанның отты жалыны

Ақбұлым ауылдық округі мен Баймырза Бесбаев атындағы «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйым мүшелерімен бірге дайындаған ауған соғыс ардагерлеріне арналған «Ауғанның отты жалыны» атты мерекелік кештің мәліметі.

2018 жылдың 12 ақпанында Ақбұлым ауылдық округінің әкімшілік акт залында «Ауғанның отты жалыны» атты ауған соғыс ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына ұйымдастырылған кеш барысында ауған соғысы ардагері өз естеліктерімен бөлісіп, жастардың бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды. Кездесуге арнайы келген ауған соғысы ардагері ауылымыздың тұрғыны Бөрібаев Доғдырхан Сабенович Ауғанстан жеріндегі соғыс қимылдары жайында әңгімелеп берді.Ақбұлым ауылдық амбулаториясының қызметкерлері өз ұжымдасын ауған ардагерін құттықтап сый-сияпат тарту етті. Б.Бесбаев орта мектебі тәлімгері Мусуралиева Маржан «Жас Ұлан» мектеп комитеті оқушыларымен бірге кешке атсалысты.Оқушылар арнауларын, әскери әндерін орындап, өлеңдер оқыды.Б.Бессбаев орта метебінің алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі Д.Алменов ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттықсезімдерін ояту мақсатында ауған соғысынан видео көрсетілді.Кешті ұйымдастырып жүргізген Ақбұлым ауылдық кітапхана филиал меңгерушісі А.Жанабаева және мәдени ұйымдастырушысы С.Бекова. Кеш соңы оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Ауғанның отты жалыны

 

Ауғанның отты жалыны