ЖМЦ хаттамасы » "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
03
сентябрь
2018

ЖМЦ хаттамасы

                          Жамбыл ауданы Баймырза Бесбаев атындағы орта мектебінде ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде  оқыту бойынша ата-аналармен  өткен   жиналыстың

                                       ХАТТАМАСЫ                                    

Күні:  3.09.2018ж.                                                                                        Ақбұлым ауылы

Қатысқандар:    39 ата-ана, директор, ДҒӘЖО,

сынып жетекшілер, ЖМЦ пәні мұғалімдері  

Күн тәртібінде

1. ЖМЦ   пәндерін  ағылшын тілінде пилоттық режимде оқытуды енгізу туралы.

                                        / физика пәні мұғалімі Алтауова Г.М./

2.Ата-аналдардан үш тұғырлы тілге көшу мәселесі бойынша  сауалнама алу.

                                                  /сынып жетекшілер/

3. Пилоттық мектеп пен ата-аналар (заңды өкілдер) арасындағы ынтымақтастық туралы 

келісім-шарт жасау.

Тыңдалды

             Бірінші мәселе бойынша А1,А2,В1,В2 деңгейін оқыған    физика пәні мұғалімі  Г.Алтауова сөз алып,   ЖМЦ   пәндерін ағылшын тілінде пилоттық режимде оқытуды енгізу туралы айтып, пилоттық жобаның ережесімен  таныстырды. Өз сөзінде: Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 556 бұйрығы пилоттық мектептерді ашуға негіз болып табылады.  Пилоттық мектеп – бұл, негізгі орта және жалпы орта білім беруді ұйымдастырудың нақты оқу-тәрбие процесі жағдайында ЖМЦ төрт пәнінің біреуін немесе бірнешеуін ағылшын тілінде оқытудың оң және теріс жақтарын анықтауға арналған инновациялық алаң екендігн айта келе, пилоттық мектептерде ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыруға қойылатын талаптар, пилоттық жобаны мамандармен қамтамасыз ету, Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету, пилоттық жоба мониторингі, пилоттық жобаның тұрақты негіздегі мониторингі, пилоттық  жобаны   қаржыландыру, педагогикалық кеңес шешімі бойынша пилоттық мектептің бюджеттен тыс қаражаты, Шығармашылық топ мүшесі- ағылшын тілі мұғалімінің міндеттері, шығармашылық топ мүшесі - ЖМЦ пән мұғалімінің міндеттері, пилоттық жобаға қатысушы білім алушылардың міндеттері, пилоттық жоба жетекшісінің құқықтары (Пилоттық мектеп директорының орынбасары), пилоттық жобаның шығармашылық топ мүшелерінің құқықтары, пилоттық жобаға қатысушы - білім алушылардың құқықтары, пилоттық жобаға қатысушы-білім алушылардың ата-аналарының құқықтары  жайлы толық мағлұмат берді.                                                                                                                                                                Екінші мәселе бойынша 8Асынып жетекшісі А.Мирова  және 8Г-сынып жетекшісі Е.Мурадова ата-аналардан  үш тұғырлы тілге көшу мәселесі бойынша ата-аналардан сауалнама алды. 8А-сыныптан 21, 8Г-сыныптан 18 ата-ана қатысты. Сауалнама   нәтижесінде 1. "Қазіргі қазақ тілінің жағдайын ескере отырып, үш тұғырлы тіл саясатын қолдайсыз ба?» деген сұраққа         ата-ана –ия,     ата-ана-жоқ,    ата-ана білмеймін деп, 2. «Мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз»  деген тұжырымды жақтайсыз ба? деген сұраққа     ата-ана –ия,        ата-ана-жоқ,    ата-ана білмеймін деп,  3. Заманауи стандартқа сай ағылшын тілін жетік білу, сіздің пікіріңізше, керек пе? деген сұраққа ата-ана –ия,     ата-ана-жоқ,    ата-ана білмеймін деп, 4.Баламыздың мектепте физика,химия, биология,информатика пәндерін ағылшын тілінде өткізуіне қарсы емессіз бе? деген сұраққа ата-ана –ия,    ата-ана-жоқ,    ата-ана білмеймін деп, 5.Мектепте үш тілді білім беруді қолдайсыз ба? деген сұраққа    ата-ана –ия,       ата-ана-жоқ,     ата-ана білмеймін деп жауап берген.

    

     Үшінші мәселе бойынша сынып жетекшілер А.Мирова мен Е. Мурадова  ата-аналарға келісім-шарттың  мәні мен  мақсаты -  балаларға жаратылыстану -математикалық цикл  пәндерін  ағылшын тілінде  оқытуға  жағдай жасауға бағытталған бірлескен іс -әрекет болып табылатынын түсіндірді. Аталған  келісім-шарт  ЖМЦ пәндерін  ағылшын  тілінде оқуға  таңдау  негізінде туындайтын  құқықтық  қатынастарды реттейтінін және оқу процесін барлық сатыларда жүзеге асыру  кезеңдері бойынша немесе ата-аналар  (заңды өкілдердің)  бастамасымен  аталған келісім-шартты тоқтатқанға дейін созылатынын айтты. Жиналыс соңында ата-аналармен келісім-шарт жасалды.

 

                                                                                                                                                                                                                                   

 

Шешімі

1.Ата-аналар ЖМЦ пәндері бойынша ағылшын тілінде оқитын балаларына қолдау көрсетсін.

2. Сауалнама қорытындысы бойынша  пайыз ата-аналар  қолдауымен  8А-сыныпта  химия,биология,     8Г-сыныпта физика пәндері ағылшын тілінде жүргізілсін.

 

3. Ата-аналармен келісім-шарт бойынша жұмыс жасалсын.

 

 

Мектеп директоры                                                       Сыздыкова Г.К.

                                                                             

Сынып жетекшілер                                                       Мирова А.З.

Мурадова Е.Н.