Оқушылар жетістіктері - "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ http://zhambyl-besbaev.mektebi.kz/ ru Оқушылар жетістіктері - "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ DataLife Engine 10-сынып оқушысы Гүлзат Сауран Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсында ІІ орын http://zhambyl-besbaev.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/94-10-synyp-oushysy-glzat-sauran-shymkent-alasynda-tken-zhalpy-blm-beretn-pnder-bojynsha-respublikaly-ylymi-zhobalar-konkursynda-oryn.html http://zhambyl-besbaev.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/94-10-synyp-oushysy-glzat-sauran-shymkent-alasynda-tken-zhalpy-blm-beretn-pnder-bojynsha-respublikaly-ylymi-zhobalar-konkursynda-oryn.html ]]> ]]> admin Mon, 28 Feb 2022 11:43:15 +0600 Ең үздік Кадимова Гульчин http://zhambyl-besbaev.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/77-e-zdk-kadimova-gulchin.html http://zhambyl-besbaev.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/77-e-zdk-kadimova-gulchin.html Қорытынды кезеңде қатысушылар лексика, грамматика және тыңдалым бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының дайындаған тест тапсырмаларын орындады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Ең үздік жоғары ұпай жинаған 8-10 сынып арасынан Кадимова Гульчинге (Жамбыл облысы, ұлты түрік) "Балдаурен" РОСО -ға жолдама тапсырылды. ]]>
Қорытынды кезеңде қатысушылар лексика, грамматика және тыңдалым бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының дайындаған тест тапсырмаларын орындады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Ең үздік жоғары ұпай жинаған 8-10 сынып арасынан Кадимова Гульчинге (Жамбыл облысы, ұлты түрік) "Балдаурен" РОСО -ға жолдама тапсырылды. ]]>
admin Wed, 05 Feb 2020 18:31:48 +0600
Туған жер бағдарламасы-жалпы ұлттық патриотизмнің негізі http://zhambyl-besbaev.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/11-tuan-zher-badarlamasy-zhalpy-ltty-patriotizmn-negz.html http://zhambyl-besbaev.mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/11-tuan-zher-badarlamasy-zhalpy-ltty-patriotizmn-negz.html Туған жер бағдарламасы-жалпы ұлттық патриотизмнің негізі

Елбасының жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жобасы елім, жерім деген әрбір қазақстандықтың ойланатын ісі деп білемін. Соның аясында «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегі деп санаймын.Жолдаудың қазақ тілінде ғана жариялануы, жерін басып, суын ішіп жүрген қазақстандыққа үлкен ой салады. «Мен өткен өмірімде Қазақстанға, туған жеріме қандай игі іс істедім»,- деп өзінің істеген ісіне баға беретін кез келді.

Өскелең ұрпақ бойындағы патриоттық тәрбиеге жан-жақты көңіл бөліп, отансүйгіштік - ұлтжандылық ізгілік мұраттарды бала бойына сіңіруді қажет деп ойлап, 1997 жылдан бастап, жастардың бойына патриоттық рухтағы сезім ұялату мақсатында мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Бесбаев Жамбыл Баймырзаұлы «Өлкетану»клубын ұйымдастырып, туған жерімізді зерттеу жұмысын бастаған болатын. Мен мектеп қабырғасында жүріп 2008 жылдан бастап«Өлкетану» клубының мүшесі болып, Жамбыл ағайдың жетекшілігімен өз өлкемді зерттеп бастағанмын. Биылғы жылы жоғары оқу орнын бітіріп келіп, білім алған мектебіме қайта оралып, осы зерттеу жұмысымды шәкірттеріммен жалғастыруды жөн көрдім. Жуырда 3 қараша күні аудан көлемінде оқушылармен Ақбұлым аулындағы Қарасай шатқалына экскурсия жасалды. Экскурсия: "Ата-бабамыздан қалған тастағы таңбалардың сырын ашу және анықтау” мақсатында ұйымдастырылды. Қазіргі таңда менің басты мақсатым: өлкемізде өзге де тастағы таңбалар бар жоғын анықтау және оны таспаға түсіріп,әрбір петроглифтерді суретке түсіру арқылы оларға сипаттама беріп,таңбалы тастарды жаңа қырынан зерттей отырып,жаңа деректермен толықтырып, кітапша шығару және оны жоғарғы оқу орнындағы ғалымдарына мойындату.

Ежелгі ата-бабаларымыз өркениет жолына түсу барысында көк тәңірмен тілдесе отырып рухани азық, қоршаған ортамен тілдесе отырып рухани байлық іздеген . Сондықтан рухани жаңғыру барысында "Туған жер" бағдарламасы жалпы ұлттық патриотизімнің нағыз өзегіне айналу үшін, бабаларымыздан қалған көне асыл мұраларымызды зерттеп жаңғыртудан бастауымыз керек сияқты. Туған жер дегеніміз-кіндік қаның тамған алтын бесік ауылың. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында "Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа деген сүйіспеншіліктен басталады деп тұжырым жасады.Негізі бағдарламаның мәні неде?

Біріншіден- білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізу.

Екіншіден- Патриотизімнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихы оқудан көрініс табуы керек.

Үшіншіден- Көне жаухар мәдени мұраларды, ұлттық нақыштың негізін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында , оң мен солын енді ғана танып, өмірге құштар жастарды туған өлкесін, кіндік қаны тамған туған жерін, көзінің ағы мен қарашығындай сақтауға құштар отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеу баршамыздың қасиетті борышымыз деп есептеймін. Бабаларымыздан аманат болып қалған кең байтақ даламызда, бірнеше мың жылдықты басынан өткерген жәдігерлер қаншама? Біздің қазақ даласы тарихы бай, өркениетті мекен. Тәуелсіздікке қол жеткізген қазақ елінің әр күні тарих болып табылады.

Осы орайда, асыл қазынамызға жататын Ақбұлым ауылы маңындағы көне мұралар "жалпы ұлттың қасиетті рухани құндылықтарына жататын" орынға айналуға толық құқылы деп есептеймін. Үш ғасырға жуық бодандықта болған, тілінен де, дінінен де, тарихи зердеден де айырылып қала жаздаған біздер үшін ұлттың тарихи мәдениетіне қол жеткізудің маңызы өте зор. Жас жеткіншек ұрпақтың өрісін- өлкемізді зерделеу арқылы, салт дәстүрін сақтап, көне мәдени мұралардың тарихи ақиқатын ашу арқылы дамытамыз.

Біздің қозғау салып отырған Ақбұлым ауылы тарихи өлкелі ауыл. Себебі: шығысында «Жетітөбе» арыда «Ақыртас», оңтүстігінде «Ботамойнақ», «Қарауылтөбе», «Қарасай» шатқалындағы тастардағы петроглифтер, солтүстік батысында бар болғаны ауылдан мың метрдей жерде «Барысхан» қаласының орны, батысында алты-жеті шақырым жерде Ұлы Тараз қаласы ауылымызды қоршап тұр.

Жүргізіліп жатқан жұмысымыз: "Болашаққа бағдар :рухани жаңғыру" бағдарламаламасы аясында- Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылынан табылған тастағы таңбаларды, тарихи мәдени-мұраларымызды зерттеу арқылы көне жазуларының тарихын нақтылай түсу. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Күтілетін нәтиже
: Халқымыздың көне тарихын және мәдени мұраларын зерттеу арқылы,шығармашыл іскер дара тұлға қалыптасады. Зерттеу барысында ақыл-ой мен сана сезімі жоғары жастар тәрбиеленеді.

Осы өлкеміздегі, Қарасай, Қамыстыбұлақ, Ботамойнақ, Жетітөбе сынды тарихи орындар,ашық аспан астындағы көне мұралар тарихи жағынан баға жетпес құнды екені даусыз, талай дәуірлерден бізге жеткен құнды мұра, бұл тарихи орындар ежелгі ата- бабаларымыздың салт-дәстірі мен мәдени құндылықтарының жиынтығы.Біздер бұларды аялап қызғыштай қорғайтын, ардақтап қадірлейтін киелі орын –деп түсінгеніміз жөн.Өйткені, бұл тарихи орын келешек ұрпаққа ұлы рухтың мәңгілік символындай,қызымет атқаруы шарт. Осыларды тамашалай отырып, туған халқымның тұнық тарихына құрметпен қарау бізге парыз. Ең бастысы, бес мың жыл бойы тарихи мәнін жоғалтпай келе жатқан петроглифтер, таңбалар, руна жазуларды белгісіз суретшілер аспан астындағы жартасты өте шеберлікпен пайдалана білгенін пайымдаймыз.Ежелгі қола дәуірінде ата-бабаларымыз біздің жерде өмір сүрмесе, бұл құнды мұраларды қайдан алар едік. Сондықтан біз төл тарихымызды тереңнен тануымыз керек, тереңнен үңілуіміз қажет халық бір күнде тумайды көне тарихи кезеңдерді бастан өткере отырып, қалыптасу жолына түседі.Өзіміздегі барды өзгеге көрсете алмасақ, бұл бабалар алдындағы парызымызды өтей алмағанымыз емес пе? Мәселе сонда! Көне ата-бабаларымыз жазу, өнер туындыларын дүниеге әкеле отырып, қандай рухани байлық жасағанында! Міне, осыны біздер терең де мағыналы түсіне білуіміз қажет.. !

Бүгінгі жас ұрпақты ұлттың ұлы мәдениетінің мәйегімен ұлықтау рухында тәрбиелеу үшін бұдан басқа қандай тәрбие керек...? Өзім оқушылармен бірлесе отырып осындай игі істердің ұйытқысы болып, жастарды өз өлкесін өзегі талғанша сүюге, патриоттық сезім ұялатуға және өткенді бүгінгі күнмен байланыстыра отырып болашаққа жол аша білуге баулудамын. Бұл дегеніміз-жас жеткіншектерді патриоттық рухта тәрбиелеудің бірден-бір жолы.

Туған жер бағдарламасы-жалпы ұлттық патриотизмнің негізі

]]>

admin Tue, 14 Nov 2017 00:27:45 +0600