Оралхан Бөкей (1943-1993) 75 жас мерейтойына орай «Қайдасың, қасқа құлыным» атты оқушылар арасындағы оқырман конференциясы
25.01.2018 жылы Баймырза Бесбаев мектебінің акт залында 6-10 сыныптар аралығында Кітапханашылар Қосаева Лаззат , Алібек Ақботаның ұйымдастыруымен Оралхан Бөкей (1943-1993) 75 жас мерейтойына орай «Қайдасың, қасқа құлыным» атты оқушылар арасындағы оқырман конференциясы өтті.
Мақсаты: Белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығымен танысу. «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі туралы мағлұмат беру. Әңгімедегі кейіпкерлердің іс-әрекетін талдау барысында өмір шындығын таныту, шығармадан алған білімдерін қорыту.
Оқушылардың білімді өз ізденістерімен игеруіне түрткі жасай отырып, шығармашылық ізденістеріне жол ашу, көркем сөйлеуге, әдеби тілдерінің дамуына ықпал ету.Бұл тақырыптық кешке тәрбие завучі Турумова Майра қатысып өз көңілімен, жақсы әсер, пайдалы ақпараттар алғанымен бөлісті. Конференция өте тартымды өтті .