Мектеп тарихы » "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2020

Мектеп тарихы

Сырдария губерниясының Әулиеата уезіне қарасты Ботамойнақ болысы бойынша түтін басына 10 тиын салық салынып 1909 жылы Қалабаев Дербістің ұйымдастыруымен медресе салу жұмысы қолға алынды. Құрылыс жұмысын жүргізу болыстың хатшысы Шегесариев Әбілхалыққа жүктелді. Медресе 1910 жылы жұмыс істей бастады, оқу араб әріпімен оқытылды. Медреседегі негізгі пән ислам дінінің тарихы болып есептелінді. 1910-1917 жылдары Садық Аблановтың басқаруымен оқу жүріп отырды. 1918 жылдан медресе жойылып, оның орнына № 7 ауыл мектебі болып қайта құрылды. Бұл мектептегі 1920 Ізбасар Абланов, содан укейін Шынәлі Сұраншиев, Толыбаев, Шымырқұл Ерназаров деген кісілер басқарып келді. 1928-1929 оқу жылынан № 7 ауыл мектебі Ильич атындағы бастауыш мектеп болып аталды. Сол жылдан бастап, осы мектепте Баймырза Бесбаевтың мұғалімдік қызметі басталды. 1943-1944 жылдары 7 жылдық, 1962 оқу жылында Ильич атындағы 8 жылдық мектеп болып аталды, мектеп директоры міндетін Мүсіралиев Айдаралы Мүсірәліұлы атқарды. 1972-1974 жылдары мектеп директоры Әлжанов Қабыкен 1974-1977 жылдары Ермекбаев Асан, 1976-1986 жылдары Мадимаров Ертай, 1986-1987 жылдары мектеп директоры Молдақұлов Жорабай болды. 1987 жылдан мектеп директоры болып Мадиярова Салима Нұрғалиқызы тағайындалды, Ильич орта мектебі болып құрылды.

1993 жылы мектепке КССРО-ның ағарту ісінің озық қызметкері, «Еңбек Қызыл Ту» және Ленин ордендерінің иегері, Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті ауыл азаматы марқұм Баймырза Бесбаев есімі берілді. 2012 жылы мектеп директоры болып Абдралиева Айымжан Сәрсенбаевна тағайындалды. 2017 жылдан мектеп директоры мектеп директоры болып Сыздыкова Гульнара Құрманалықызы тағайындалды. 2018-2019 оқу жылында мектепке гимназия статусы берілді.