«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ » "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
10
сентябрь
2018

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гиназиясындағы өткен 1-сынып оқушылары ата-аналарының жиналысынң

Хаттамасы

Күні: 8.09.2018 жыл

Қатысқаны: 117

102 ата-ана, Ақбұлым ауылының әкімі- С.Джанысбаев, қамқоршы кеңестің төрайымы:-С.Н.Мадиярова, ақсақалдар алқасының мүшесі- Ж.Б.Бесбаев,мектеп әкімшілігі- 7, сынып жетекшілер-5.

Тақырыбы: «XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Күн тәртібінде:

1. Балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: балаларды интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.

2. Балаларда интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.

3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.

4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.

5. Балаға мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.

6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.

7. Баланың өзін-өзі бағалауын арттыру.

8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.

 

Конференция мектеп басшысы Сыздыкова Гүлнар Құрманалықызының кіріспе сөзімен басталды. Өз сөзінде: Құрметті ата-аналар! Біз барлықтарыңызды мектебіміздің қабырғасында көргенімізге қуаныштымыз.Алдағы 11 жыл бойы мектеп сіздің балаларыңыз үшін екінші үйге айналады.

Және барлығымыз, біз де, педагогикалық ұжым да біздің балаларымыз үшін мектеп үйінің жайлы болуына, сыныптастарымен достық пейілге толуына, оқудағы белсенділікке, Отанымызға және оның табиғи байлықтарына махаббат, патриотизм қалыптастыру бойынша қызықты іс-шараларға толы болуына бірдей мүдделіміз. Балаларымыздың ақпараттық қауіпсіздік жағдайында оқығанын, берік отбасы, еңбекқорлық, өзі үшін, өз жақындары және өз Отаны үшін жауапкершілік секілді рухани құндылықтарды меңгергенін қалаймыз. Олар қазіргі күнде кең таралған және еліміздің бүтіндігіне, ұлт бірлігіне нақты қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдардан зардап шекпесе екен дейміз.

Педагогтар, психологтар, мектеп әкімшілігінің бүкіл ұжымы сіздермен, біздің оқушыларымыздың ата-аналарымен тығыз ынтымақтастыққа дайын. Бәріміз жақсы түсінеміз: еліміздің болашақта қандай болмағы, балаларымызға нені үйрететінімізге және оларды қалай тәрбиелейтінімізге тікелей байланысты.

Біз сіздерге оқыту және тәрбиелеу процесінде туындайтын проблемалық жағдаяттарды шешу үшін қажетті барлық ақпаратты беруге дайынбыз.

Осы мақсатта біз сіздерді «21-ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ»атты республикалық конференцияға қатысуға шақырамыз, оның негізгі міндеті – бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек көрсету,-деп жиналысты ашып берді.

Күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша , Баймырза Бесбаев атындағы мектеп –гиназиясының психологі М.А.Ермекбаева бірінші сынып оқушыларының ата-аналары тап болатын проблемаларға бағдарланған бағдарлама дайындап, ата-аналарға таныстыру жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологі өз сөзінде: Бірінші қыркүйекте сіздің балаңыз бен барлық отбасыңыздың өмірінде мүлде жаңа парақ ашылды. Барлығымыз түсінеміз: оқудың алғашқы айларында мектепке дайындық кезеңі — бұл қиын кезең. Бүлдіршін үшін бірінші сынып – бұл шын мәнінде терең өзгерістер уақыты,-деп бастаған М.А.Ермекбаева ары қарай ата-аналарға арналған тренингтер өткізді.

Сонымен қатар, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары М.Ж.Мырзаходжаева сөз сөйледі. Ол: Ислам діні бүкіл адамзатты білім алуға шақырады. Балаға зайырлы білім беру – бұл әрбір ата-ананың азаматтық және мұсылмандық парызы. Дәл осы себеппен 2016 жылы Қазақстанның білім және ғылым, әділет, дін істері және азаматтық қоғам министрліктері қыз балаларға діни атрибутика киюге тыйым салу туралы жариялаған. ҚР Білім және ғылым министрлігі 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрықпен мектеп формасы үшін бірыңғай қағидалар енгізді.Заңнама нормалары Қазақстанда барлық конфессиялар мен этностар өкілдері үшін бірдей болып табылады. Бұл дегеніміз: әрбір мектепте қатаң бекітілген киім формасы бар, және ол барлық мектеп оқушыларында болуы қажет. Ештеңе баланың көңілін білім беру процесінен басқа жаққа аудармауы тиіс: бірыңғай мектеп формасының міндеті балалар ұжымын бөлу емес, керісінше біріктіру,- деп ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Конференцияда түрлі бейнероликтер көрсетілді, сұрақтарға жауап берілді.

Шешім :

1.Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін. 2. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алды алынсын. 3. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-анаға міндеттелсін.

Хатшы:Г.Д.Аманжолова

 

 

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 


 

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 

«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АТА-АНА: ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АТА-АНАЛАР КОНФЕРЕНЦИЯСЫ