"Полицияның жас көмекшілерін" салтанатты қабылдауы өтті » "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Полицияның жас көмекшілерін" салтанатты қабылдауы өтті
10
ноябрь
2017

"Полицияның жас көмекшілерін" салтанатты қабылдауы өтті

Бүгінгі күнгі жас азаматтары еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбек құмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар жастар.Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламасында "Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс."- деп атап көрсеткен. Сондықтан біз патриоттық тәрбие жүйесіндегі негізгі бағыттарының бірі Азаматтық-патриоттық бағытын негізге ала отырып Баймырза Бесбаев атындағы орта мектебінде "полицияның жас көмекшілер" тобына 8-10 сынып оқушылары арасынан ерікті жасөспірімдер салтанатты түрде қабылданды. Бұл іс-шараға ата-аналар жазбаша өтініші білдірді.
Мақсаты:
- Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қараусыздықтың алдын алу;
- Сабақтан тыс уақытта балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру;
- Заңға мойынсұнушылық пен салауатты өмір салтын насихаттау;
- Ішкі істер органдарында қызмет етуге кәсіби бағдар беру, дайындау;
- Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизмді, ұлттық сананы қалыптастыру;
- Түрлі жастағы баларды бірге және ашық түрде іс-әрекет жасауға үйрету.
Міндеттері:
- Балалар арасындағы нашақорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алуда көмек көрсету;
- Басқа да қоғамдық ұйымдармен ықпалдасу, мектептерде қолданыстағы заңнамалармен нормативтік актілерді насихаттауда еріктілер жұмысын ұйымдастыру;
- Ішкі істер органдарының техникалық құралдарымен танысу, олардың біліктілігі мен шеберлігін меңгеру.
Бұл іс-шараға Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы Омарова Әлия Есімқызы мен Жамбыл ауданы ІІБ-нің жергілікті полиция қызметінің ювинальды полиция тобының бастығы майор Алденов Қанат Қайратұлы және Жамбыл аудандық ІІБ-нің ЖПҚ капитаны мектеп инспекторы Қарабеков Нұрбол Жәнібекұлы келіп жасөспірімдерді құттықтады.
"Полицияның жас көмекшілерін" салтанатты қабылдауы өтті
"Полицияның жас көмекшілерін" салтанатты қабылдауы өтті
"Полицияның жас көмекшілерін" салтанатты қабылдауы өтті
"Полицияның жас көмекшілерін" салтанатты қабылдауы өтті
"Полицияның жас көмекшілерін" салтанатты қабылдауы өтті

Похожие публикации:

06 ноябрь 2017 Рухани жаңғыру
23 октябрь 2017 Жәрменке
12 май 2017 Наш адрес