Рухани жаңғыру » "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ
Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
06
ноябрь
2017

Рухани жаңғыру

Тақырыбы: Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерінің аясында «18 қазан- Рухани келісім күні»

Рухани жаңғыруды сипаттау, патриоттық сананы ынталандыру және ұлттық құндылықтарды жаңғырту, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, өскелең ұрпақты рухани- адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында өткізіліп жатқан іс- шарамызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі іс- шара қонақтарымен таныстыру:

Мадиярова Салима Нұрғалиқызы

Бесбаев Жамбыл Баймырзаұлы

Усупалиева Бота Көпесовна

Іс- шара ашылуы: мектеп директоры Сыздықова Гулнара Қурманалықызына сөз беріледі.

Би: 5 «А» сынып ұлдарының «Өрлеу» биі

Мұғалім: 1992- ші жылы қазанда Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласында Бүкіләлемдік Рухани келісім конгресінің 1- ші сессиясы өтті. Конгреске қатысушылар қазанның 18- ін рухани келісім күні- қақтығыстар мен жанжалдарға шектеу қою, татулыққа талпыну, жақын адамдарға қайырымдылық пен жәрдем жасау күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдады,1992- ші жылдан бастап бұл күн Қазақстанда ұлттық мейрам ретінде атап өтілуде. Тарихы кең , шежіресі шерлі қазақ халқы қашаннан да құшағы ашық ел болғанын барша жұрт мойындайды. Оны біз жеріміздің кеңдігімен емес, пейіліміздің кеңдігімен де, ырысты тірлігімізбен ғана емес, ынтымақты бірлігімізбен де дәлелдеп отырмыз. Бүгінде тәуелсіз елімізде 130- ден астам ұлт өкілдері жасап жатыр деп мақтанамыз. Егемендікті егелеген кезеңде талай елдер қақтығыстар мен қантөгістерге жол беріп алса, біз бірлігіміздің арқасында тірлігімізді түзедік, көркейдік. Бұл Елбасының сындарлы саясатының жемісі болумен қатар ел халқының соның ішінде мемлекетті құраушы негізгі қазақ халқының кеңпейіл толеранттылығының жемісі екені даусыз. Ендеше Қазақстан халқының бірлігін, оның біртұтастығын нығайта отырып

2017 жылы 4 сәуірінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Рұхани жаңғыру жөніндегі мақаласында Қазақстан халқының ұлттық санасының маңызды түрлендірулерін айқындады. Ұрпақтар сабақтастығы мен байланысын сақтай отырып біз жаңа білім үшін ашық болуымыз шарт, біз менталды деңгейде жаhандық әлемнің бір бөлігіне айналуымыз керек. Бағдарламаның қай бағыты болсын, елдің рухани әлеуетін көтеруге, ұлттық құндылықтарды, жалпы ізгілікті насихаттауға арналған. "Туған жер", "Қазақстанның киелі жерлер географиясы", "Элемдегі Қазақстан мәдениеті", «100жаңа есім», «100жаңа оқұлық», «Латын әліппесіне көшу» бағыттарының аясында кіші бағдарламалар қабылданды. «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Информация толқыны» жобалары құрылып қоғамның қошеметіне ие болды. 1. Басекелік қабілет. Басеклік қабілет дегеніміз –ұлттық аймақтық немесе жаhандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мумкін. 2. Прагматизм. Прагматизм- өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып , соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа , даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. 3. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық салт- дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Біріншісі- ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі- алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. 4. Білімнің салтанат құруы. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді. 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізгеғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. Төртіншіден , еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды. 6. Сананың ашықтығы. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. II Таяу жылдардағы міндеттер. Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшуді бастаймыз,яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді,оқулықтарды,бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз. Қазақ тілінде «100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз. Гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. «Туған жер» бағдарламасы жалпы ұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады. Туған жерге деген суйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі. «Жаhандағы заманауи қазақстандық мәдениет»жобасын іске асыру. Ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін іріктеп алғаннан кейін шетелдерге оларды таныстыру рәсімдерін өткіземіз. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.

Ән: 3«А»сынып (хор) «Достық әні»

Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы бейнероликті ұсынамыз: аудио , видео таспалар. Ауылымыздың құрметті қонақтары рухани жаңғыру мақаласы бойынша өз ой – пікірлерін баяндайды.

Сахналық көрініс:«Еңбекпен тапқан нан» 4«Б» сынып оқушылары.

7 «А,Б,В» сынып оқушылары; тәуелсіздік,бейбітшілік,туған жер туралы патриоттық өлеңдерін оқиды: Раис Алтынай, Алибаева Жансая, Айдаралы Әбдінұр, Қыстаубай Ерсін, Қуандық Нұрсая,Қалдібек Әлия.

Баяндама: Тақырыбы: « 9 «Б» сынып Махмұдрахым Алтынай

Ән: 5 «Б» сынып - «Туған жер» әні

Қорытынды: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтқанда «Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол- әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу». Осыған байланысты мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін біз, Елбасы ұсынған жаңғыру идеясын жүзеге асырылуына белсене атсалысуымыз қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рухани жаңғыру

 

Рухани жаңғыру

 

Рухани жаңғыру