05
февраль
2020
Ең үздік Кадимова Гульчин
Өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІV республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Республикамыздың барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып арасынан 37 оқушы қатысты.
Қорытынды кезеңде қатысушылар лексика, грамматика және тыңдалым бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының дайындаған тест тапсырмаларын орындады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Ең үздік жоғары ұпай жинаған 8-10 сынып арасынан Кадимова Гульчинге (Жамбылская область, ұлты түрік) "Балдаурен" РОСО -ға жолдама тапсырылды.