Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гиназиясындағы өткен 5-6-7-сынып оқушылары ата-аналарының жиналысы » "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гиназиясындағы өткен 5-6-7-сынып оқушылары ата-аналарының жиналысы
24
сентябрь
2018

Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гиназиясындағы өткен 5-6-7-сынып оқушылары ата-аналарының жиналысы

Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гиназиясындағы өткен 5-6-7-сынып оқушылары ата-аналарының жиналысының

Хаттамасы

Күні: 22.09.2018 жыл

Қатысқаны:245

245 ата-ана, Ақбұлым ауылының әкімі- С.Джанысбаев, қамқоршы кеңестің төрайымы- С.Н.Мадиярова, ақсақалдар алқасының мүшесі- Ж.Б.Бесбаев,мектеп әкімшілігі- 7, 5-7 сынып жетекшілер- 12.

Тақырыбы:Жасөспірімнің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар

Күн тәртібінде:

1. Жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: Жасөспірімдерді интернет арқылы түсетін жағымсыз ақпараттан қалай қорғау қажет.

2. Жасөспірімдерде интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу.

3. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу. Мектепке діни атрибутика киюге тыйым салу, алдын алу шарасы ретінде.Жасөспірімдерді бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-ананың әлеуметтік маңызды міндеті.

4. Отбасылық құндылықтарды ілгерілету және нығайту: бала тәрбиесі үшін отбасы берекесінің маңыздылығы.

5. Жасөспірімдерге мектепте оқуға бейімделуге тиімді көмек шаралары: үш «Б» заңы: Бейімдеу, Бедел, Белсенділік.

6. Нейро-психофизиологтардың болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата-аналарына арналған ұсынымдары.

7. Жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауын арттыру.

8. Ойын, жағымды мотивация жасаудың үздік тәсілі ретінде.

Жиналыс мектеп басшысы Г.К.Сыздықованың кіріспе сөзімен басталды. Өз сөзінде: Құрметті ата-аналар!Біз барлықтарыңызды мектебіміздің қабырғасында көргенімізге қуаныштымыз.Алдағы 11 жыл бойы мектеп сіздің балаларыңыз үшін екінші үйге айналады.

Және барлығымыз, біз де, педагогикалық ұжым да біздің балаларымыз үшін мектеп үйінің жайлы болуына, сыныптастарымен достық пейілге толуына, оқудағы белсенділікке, Отанымызға және оның табиғи байлықтарына махаббат, патриотизм қалыптастыру бойынша қызықты іс-шараларға толы болуына бірдей мүдделіміз. Балаларымыздың ақпараттық қауіпсіздік жағдайында оқығанын, берік отбасы, еңбекқорлық, өзі үшін, өз жақындары және өз Отаны үшін жауапкершілік секілді рухани құндылықтарды меңгергенін қалаймыз. Олар қазіргі күнде кең таралған жәнееліміздің бүтіндігіне, ұлт бірлігіне нақты қауіп төндіретін деструктивті діни ағымдардан зардап шекпесе екен дейміз.

Педагогтар, психологтар, мектеп әкімшілігінің бүкіл ұжымы сіздермен, біздің оқушыларымыздың ата-аналарымен тығыз ынтымақтастыққа дайын. Бәріміз жақсы түсінеміз: еліміздің болашақта қандай болмағы, балаларымызға нені үйрететінімізге және оларды қалай тәрбиелейтінімізге тікелей байланысты.

Біз сіздерге оқыту және тәрбиелеу процесінде туындайтын проблемалық жағдаяттарды шешу үшін қажетті барлық ақпаратты беруге дайынбыз,-деп жиналысты ашып берді.

Күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша , Баймырза Бесбаев атындағы мектеп –гиназиясының психологі М.А.Ермекбаева 5-6-7 сынып ата-аналарына арналған тренингтер өткізді. Сауалнамалар алынды.

Сонымен қатар, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасарыМ.Ж.Мырзаходжаева ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шешім :1.Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етілсін. 2. Мектеп ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алды алынсын. 3. Баланы бірыңғай үлгідегі мектеп формасымен қамтамасыз ету – әрбір ата-анаға міндеттелсін.

Хатшы:Г.Д.Аманжолова

 

Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гиназиясындағы өткен 5-6-7-сынып оқушылары ата-аналарының жиналысы

 

Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гиназиясындағы өткен 5-6-7-сынып оқушылары ата-аналарының жиналысы

 

Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гиназиясындағы өткен 5-6-7-сынып оқушылары ата-аналарының жиналысы

 

Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гиназиясындағы өткен 5-6-7-сынып оқушылары ата-аналарының жиналысы