Ең үздік Кадимова Гульчин » "Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия" КММ
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
февраль
2020

Ең үздік Кадимова Гульчин

Өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Тіл-мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты ХІV республикалық қашықтық олимпиадасының қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті. Олимпиаданың қорытынды кезеңіне Республикамыздың барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып арасынан 37 оқушы қатысты.
Қорытынды кезеңде қатысушылар лексика, грамматика және тыңдалым бойынша ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту басқармасының дайындаған тест тапсырмаларын орындады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» РҒПО-ның І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталды. Ең үздік жоғары ұпай жинаған 8-10 сынып арасынан Кадимова Гульчинге (Жамбыл облысы, ұлты түрік) "Балдаурен" РОСО -ға жолдама тапсырылды.